
Бүгін, 16 сәуірде Жұмысшы мамандықтар жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі Серік Құдабай құттықтау сөз сөйледі. Ол ТКШ саласының қызметкерлеріне жанқиярлық еңбектерлері үшін шын жүректен алғысын білдіріп, халықтың өмір сүру сапасы олардың күш-жігеріне байланысты екенін атап өтті.
— Сіздердің еңбекктеріңіз тек кәсіби білімді ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді, – деп атап өтті әкім. — Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында жайлылық пен тәртіп қалыптасады, ал адамдар күнделікті өмірде қамқорлық пен қолдауды сезінеді.
Іс-шара аясында бірқатар қызметкерлер адал еңбектері мен мамандыққа адалдықтары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Мереке қонақтарға жарқын эмоциялар мен мерекелік көңіл-күй сыйлаған, ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/978285?lang=kk

Жауап қалдыру