
Жанама ауылдық округінде Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Б. Саятова мен Алакөл аудандық мәслихатының депутаты С.Данабекова ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер қозғалып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ауыл халқы жол және өзге де инфрақұрылымға қатысты түйткілдерін ортаға салып, депутаттар тарапынан тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/976711?lang=kk

Жауап қалдыру