
Сарыарқа ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жалғасуда.
Рейдтік іс-шараларға аудандық прокуратура, полиция басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлерінен құралған мобильді топтар қатысуда. Олар күн сайын көшелерді, жастар көп жиналатын орындарды және ойын-сауық мекемелерін тексеріп отырады.
Түнгі рейдтер барысында сағат 23:00-ден кейін көшеде ересектердің ертуінсіз жүрген, сондай-ақ сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған жасөспірімдерге ерекше назар аударылады.
Жыл басынан бері 1000-нан астам ата-ана кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ескертусіз жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/977246?lang=kk

Жауап қалдыру