
15.04.2025 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Новополяковка ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы туралы» Новополяковка ауылдық округінің әкімі Нұрлат Өміржанович Мажреновтың және «Ауданда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» Үлкен Нарын АПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Канат Есімбекович Абеновтың баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/976550?lang=kk

Жауап қалдыру