
2025 жылғы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде заманауи үлгідегі *Балалар музыка мектебі ашылды.*
⠀
Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, ұжымды жаңа оқу ордасымен құттықтады.
⠀
Жалпы ауданы 1246 м² болатын мектеп 4 гектар аумаққа орналасқан. Мұнда:
•17 оқу сыныбы
•35 педагог
•1116 оқушы
білім алып жатыр.
⠀
Домбыра, жетіген, қылқобыз, фортепиано, скрипка, вокал, хореография, театр өнері секілді 15 бағытта оқушылардың шығармашылығы дамытылуда.
⠀
Мектептің материалдық базасы да заманауи талаптарға сай:
•126 орындық концерт залы
•9×4 метрлік LED-экран
•Айнамен және станоктармен жабдықталған хореография залы
•Кең гардероб және ыңғайлы оқу кабинеттері бар.
⠀
Жалпы Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 5645 бала қамтылған 16 музыка мектебі жұмыс істейді.
Олардың ішінде №1 балалар музыка мектебі ЮНЕСКО клубтары Республикалық рейтингісінің «Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары санында көшбасшылар» номинациясы бойынша бес дүркін лауреат атанған.
⠀
Жаңа мектептің ашылуы – жас өнерпаздар үшін үлкен мүмкіндік, ал өңірдің мәдени өмірі үшін – тың серпін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/978973?lang=kk

Жауап қалдыру