«WorldSkills AQMOLA – 2025» аймақтық чемпионаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 15 сәуірінде Степногорск қаласының жоғары колледжінің алаңында «WorldSkills AQMOLA – 2025» аймақтық чемпионаты «СБҚ станоктарында фрезерлеу жұмыстары (дайындау)»  құзыреттілігі бойынша басталды.

СБҚ станоктарында фрезерлеу жұмыстары күрделі және технологиялық құзыреттердің бірі. Қатысушылар металмен жұмыс істеу шеберлігін, бөлшектерді өңдеу дәлдігін және жоғары технологиялық жабдықта жұмыс істеу қабілетін көрсетеді.

Чемпионат жаңа буынның техникалық дағдыларын дамытуға мүдделі жас мамандарды, сарапшыларды, оқытушылар мен жұмыс берушілерді біріктірді.

Нақтылап айтсақ, студенттерге WorldSkills-ке қатысу-бұл өз дағдыларын көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар сала сарапшыларымен қарым-қатынас жасаудың, кәсіби мотивацияны арттырудың және табысты мансапқа сенімді қадам жасаудың бірегей мүмкіндігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/977312?lang=kk