
2025 жылғы 14 сәуірде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі алаңында «Бизнеске арналған IТ- шешімдер» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Aqmola-2025 аймақтық чемпионаты басталды.
Байқауға Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің және Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысуда.
Чемпионаттың алғашқы күні қатысушылар жобалау, деректер базасын әзірлеу және импорттау, құжаттама және API әзірлеу, қонақтар мен экскурсиялық топтар үшін кәсіпорынға рұқсаттамаға тапсырыс беруге арналған жұмыс үстелі қосымшасы «СақтаушыПРО» маңызды объектісіне физикалық қол жеткізуді бақылауды ұйымдастыру бойынша Модуль тапсырмаларын орындады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/976114?lang=kk

Жауап қалдыру