Заң мен Тәртіп: Абай облысының студенттері жемқорлыққа қарсы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын дамыту мақсатында оқу орындарының студенттерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Іс-шаралар барысында Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздері бойынша түсініктемелер берді, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Қоғамның қарқынды дамуы, цифрландыру және жаһандық өзгерістер жағдайында жастарға білім мен кәсіби өсуге ұмтылып қана қоймай, ең алдымен адамгершілік бағдарларын сақтау қажет екендігі ерекше атап өтілді.

Департамент өңір халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Мұндай кездесулер жастар арасында саналы және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/977518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді