
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне арналған ақпараттық семинар өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сана деңгейін арттыру және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының қолданыстағы нормалары туралы хабардар ету болды.
Семинар барысында елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының негізгі ережелерін түсіндіріп, этика мәселелеріне, мүдделер қақтығысының алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік және әскери қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактиканың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Іс-шара шеңберінде жеке құрамды белсенді тарту қамтамасыз етілді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін ашық талқылауға, сондай-ақ әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтаудың маңыздылығын түсіну деңгейін арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/976212?lang=kk

Жауап қалдыру