Заң мен тәртіп: Үлкен Нарын ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаиновтың қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шара мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ аудан жұртшылығының белсенді қатысуымен өтті. Кездесудің басты тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мәселелері және оны жергілікті жерлерде тиімді іске асыру жолдары болды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Роман Хусаинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданыстағы нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, осы саладағы соңғы жаңалықтарға тоқталды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік Картасына енгізілген өзекті мәселелерді белгіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктеріне және әрбір азаматтың ашық және адал ортаны қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту ісіндегі маңызды құрамдас бөлік болып табылады.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/978017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді