«Заң мен тәртіп»:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының  ұжымымен кездесу өткізілді.

  Шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК комплаенс офицері Р.Қалматайұлының қатысуымен өтті.

  Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы нығайту мақсатында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары  туралы айтылды.

  Тұжырымдамада жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.

  Кездесу соңында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/977163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді