Жастардың қауіпсіздігі басты орында

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті.
«Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров,
полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ спорт саласының құрметті мамандары қатысты.
Кешенді жарыс 1 қазанға дейін спорттың 34 түрінен ұйымдастырылуда. Аталған додаға 2000-нан астам спортшы қатысады.
Түркістан облысының полициясы осы шараға өз үлесін қосып, “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оған қоса стадион аумағында жеке құрамды жұмылдырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. 7000 адамның басын қосқан стадион Аренадағы салтанатты рәсімде полицейлер ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермей, қаладағы қауіпсіздікті толығымен атқарып шықты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/976483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді