Жазғы маусымға дайындық: балалар лагерьлеріне арналған санитарлық талаптар бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жақын арада балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру маусымы басталады – бұл ерекше әрі жауапты кезең, оған алдын ала дайындалу қажет. Каникул кезіндегі балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы және жайлылығы – бұл үдерістің барлық қатысушылары үшін басты міндет.
Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқарма мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді.
Кездесудің тақырыбы – 2025 жылғы жазғы маусымда балаларды сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беру құжаттарын алу талаптары.
Семинарда мынадай негізгі мәселелер қаралды:
✔️лагерьлерді ашуға өтініш беру және дайындау тәртібі;
✔️санитариялық нормалар мен гигиеналық талаптардың сақталуы;
✔️балалардың тұру, тамақтану, сумен қамту және медициналық қызмет көрсету жағдайларына бақылау;
✔️инфекциялық аурулардың алдын алу және эпидемиологиялық қауіптер туындаған жағдайда іс-әрекет алгоритмдері.
Мұндай іс-шаралар балалардың демалысын ұйымдастыруға қатысатын барлық тараптардың дайындық және жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Сауле Садвакасова атап өткендей, басты мақсат – балаларға қауіпсіз, жайлы және сауықтыратын орта құру, сенімді бақылауды қамтамасыз ету және олардың сауықтыру мекемелерінде болған кезеңінде кез келген қауіптерді барынша азайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/975567?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді