
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын күшейту мақсатында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қызметкерлеріне «Жеке өмірдегі кибергигиена және жұмыстағы цифрлық гигиена мен ақпараттық қауіпсіздіктің рөлі» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Цифрландыру және архивтер басқармасының жобалық басқару қызметін үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жауапты маманы Сағынгерей Құбекен ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №832 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қаматамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» қаулысының негізгі талаптарын басқарма қызметкерлерінің назарына жеткізді. Сонымен қатар, нақты мысалдарға сүйене отырып, жан-жақты ақпарат берді.
Атап айтсақ, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының пайда болуына алғышарт жасайтын жағдайлар мен факторлар жиынтығы және жеке мәліметтерді қорғау әдістері туралы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/976496?lang=kk

Жауап қалдыру