
Бұған дейін Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілермен бірлесіп Атырау қаласындағы Жастар көшесі мен Еркінқала кентіне дейінгі жолдар құрылысының барысына мониторинг жүргізген болатын.
Мониторинг нәтижелері бойынша Департамент еріктілермен бірлесіп автожол салу кезінде бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, облыстың Жол активтерінің сапа орталығы таңдаған керннің қалыңдығы 8 см құрады, бұл нормативтік-техникалық және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді.
Анықталған кемшілікті жою мақсатында еріктілер Тапсырыс берушіге және мердігер компанияға тиісті ұсыныстар берді.
Осыған байланысты мердігер ұйым 75 шаршы метр аумақты фрезерлеп, жаңа асфальтбетон төседі. Жұмыс құны 891 100 теңгені құрады.
Волонтерлер Жол активтері сапасының Атырау филиалы қызметкерлерінің қатысуымен нысанды тағы да аралады. Осы аймақтан жаңа керн алынып, қалыңдығы 13 және 11 см болып шықты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жағдайды бақылауды жалғастыруда және азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде ашықтық пен заңдылықтың маңыздылығын атап көрсетеді.
Құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-atyrau/press/news/details/975949?lang=kk

Жауап қалдыру