
Жерлесіміз Азия және Океания чемпионатында топ жарды!
Ташкент қаласында өткен жауынгерлік самбодан “Азия және Океания чемпионатында” жерлесіміз Дүйсембеков Бақытжан тамаша нәтижеге қол жеткізді. 79 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.
Бақытжанның бұл жетістігі – аудан жастарына үлгі, спортқа деген қызығушылықты арттыратын үлкен серпін.
Жерлесімізді осынау жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта да толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/978464?lang=kk

Жауап қалдыру