
“Жетісу адалдық алаңы” жобасы аясында, Жағатал ауылдық округінің әкімшілігінде ауыл тұрғындарының және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрғындар мен қызметкерлер арасында ашықтық пен адалдықты насихаттау болды. Шара барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, ауылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шараларды қабылдау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді, ал әкімдік өкілдері оларды тыңдап, жауап берді. Мұндай кездесулердің жиі өткізілуі адалдық пен заңға бағынушылықты ынталандырып, жергілікті қоғамдастықты жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/975955?lang=kk

Жауап қалдыру