
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық альянсы төрайымымен бірлесіп, «Amanat» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің Жітіқара ауданында өткізілген көшпелі отырысына қатысты.
Отырыста мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру, Қоғамдық кеңестердің рөлі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың қызметі мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қоғам өкілдерінің қатысуымен азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылып, оның барысында аудан тұрғындары көтерген өзекті мәселелер талқыланды. Қабылдау аясында «Халық заңгері» жобасы да өткізілген болатын, қойылған сұрақтар бойынша кеңес беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс сапарының соңында аудан әкімі, мәслихат депутаттары және «Amanat» партиясының өкілдерінің қатысуымен Чайковский кентінде салынып жатқан су құбыры желілері нысанына бару ұйымдастырылды.
«Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде азаматтық қоғам өкілдерімен бірлескен жұмыс өңірде жүйелі түрде жалғасатын болады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kostanay/press/news/details/978563?lang=kk

Жауап қалдыру