Жұмыс сапары аясында Рудный қаласына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Амандықұлы Салықбаев келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында Ерлан Амандықұлы қаланың бірқатар білім беру мекемелеріне барып, жастармен кездесті. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасудың барлық кезеңдері туралы, қойылатын талаптар жайында жан-жақты айтып беріп, үміткерлерді тестілеу рәсіміне, оның ішінде құзыреттерді бағалаудың жаңа заманауи үлгісіне ерекше назар аударды.

Сапар соңында Ерлан Салықбаевтың қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысын өткіздік. Жиынға Рудный қалалық мәслихатының депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қоғам өкілдері де қатысты.

Отырыс барысында бірнеше жыл қатарынан Қоғамдық кеңестер аясында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелері белсенді талқыланып келе жатқаны атап өтілді. Мұндай кездесулер басқару жүйесін жетілдіруге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/978199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді