Жұмыс тобының отырысына қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 сәуірде Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Васильевич Тарасенко “Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” ҚР ІІМ бастамасымен республикалық акцияны өткізу тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Акцияның мақсаты-қоғам назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару. Бұл акция ағымдағы жылдың 20 сәуірі мен 20 маусымы аралығында өтеді.

Отырысқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, акцияны өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/976916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді