Жуалы аудын Б.Момышұлы ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына Жуалы ауданы әкімдігінің бөлім және мекеме қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты.

Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері «Бәйтерек» монументінен бастап, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізіне дейінгі жолдың бойындағы егілген ағаштардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/976609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді