Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         10-11 сәуірде Жетісу облысы бойынша МКД «Алтынкөл-Жол» кеден бекетінде Оқу-әдістемелік орталықпен «Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар, авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғау» тақырыбында күндізгі семинар өткізілді.

        Семинар Алматы қаласының Әділет Департаментімен, ҚР ПІБ МО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығымен және «Болотов және Серіктестер» ЖШС компаниясымен бірлесіп өткізілді.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 49 қызметкері қатысты.

       ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған негізгі бағыттардың бірі зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді және барабар жүйесін құру болып табылады және осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдарына белгілі бір міндеттер жүктеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/975772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді