2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі«Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өткізу басталғаны туралы жарияланады.
Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.
Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Лауреаттар атағы үш санатта беріледі:
- шағын кәсіпкерлік субъектісі;
- орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
және төрт номинация бойынша:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
3) «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурста “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” арнайы сыйлығы бекітіледі.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Үміткерлер конкусқа қатысуға үшін материалды бір данада тапсырады, олар:
1) толтырылған өтінімді;
2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпаратты;
3) есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).
4) сауалнаманы қамтиды.
Аудандар және қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды.
Үміткерлер материалдарды «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген Конкурс өткізу ережелеріне сәйкес ресімдейді және жергілікті атқарушы органдарға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан аспайтын акциялар;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Бизнес субъектілері әлеуметтік – еңбек қатынастарында өздерінің оң тәжірибесін көрсете отырып, қатысу үшін аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарына жүгіне алады.
Үміткерлер барлық қажетті материалдарды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсына алады.
2025 жылғы 1 шілде күні конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімі аяқталады.
Жауап қалдыру