Әлеуметтік сала мәселелері, жастар ісі, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, инфрақұрылымды дамыту, коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен мәселелері және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясының
ХАТТАМАСЫ
Қарауылкелді ауылы № 1 2025 жылғы 17сәуір
Комиссия құрамы:
- Ахметов Нурлан Ахтанович – төрағасы
- Құлжанов Мұхтар Сейлбайұлы- мүшесі
- Нурлыбекулы Даурен – мүшесі
- Жумагазина Гулмира Муханбетовна – мүшесі
Тұрақты комиссия отырысына мәслихат төрағасы Сержан Марғұлан қатысты.
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І: Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының көшесіне атау беру туралы
Тыңдалды: Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Оңғаров
Құрметті тұрақты комиссия мүшелері! Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы ауылының тұрғындарының өтініші негізінде Кенжалы ауылында бүгінгі күнде 20 шақты түтін бар. Сондықтан ауылдағы тұрғын үйлерді бір көшеге бағындырып, сол көшеге атау беруге. «Жер –су атаулары» тізімі ішінен Мәңгілік Ел– қазақ елінің ұлттық идеялогиясы деген мағынадағы атауды қолдап қауымдастық жиналысы өтті. Тұрғындарда, ауыл ақсақалдары да Мәңгілік Ел– көше атауын қолдап отыр. Сіздер қарсы болмасаңыздар осы Кенжалы ауылына Мәңгілік Ел көше атауын беруді қолдауларыңызды сұраймын.
Жиналысқа қатысқан аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қолдап ШЕШІМ ЕТТІ:
Кенжалы ауылының атауы жоқ көшесін «Мәңгілік ел» деген атаумен атау туралы ұсынысы мақұлдансын.
Комиссия төрағасы Н.Ахметов

Жауап қалдыру