Алматы облысында жазғы киім формасына көшуге байланысты полицияның жеке құрамының саптық тексеруі өтті. Іс-шара бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылып, барлық аумақтық бөлімшелерді қамтыды.
Саптық тексеру барысында қызметкерлердің сырт келбеті, формалық киімнің жағдайы, қызметтік куәліктердің болуы мен олардың сәйкестігі, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйі тексерілді. Ерекше назар тәртіп пен қызметтік этика стандарттарының сақталуына аударылды.
Облыстық департамент басшысы Мейрам Әбікеев жеке құрамға үндеу жасап, азаматтармен өзара қарым-қатынаста мінез-құлық нормаларын сақтау маңыздылығына тоқталды.
– Полицей әрдайым адалдықтың, тәртіптіліктің және әрбір тұрғынға құрметпен қараудың үлгісі болуы тиіс. Қызметкерлер тарапынан ешқандай дөрекілікке де, заң бұзушылыққа да жол берілмейді, – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, департамент басшысы барлық қызметкерлерге сәттілік тілеп, халықтың сенімін жоғары деңгейде ұстау қажеттігін ерекше атап өтті.
Саптық тексерулер – тәртіпті, қызметкердің кәсіби бейнесін және кез келген жағдайда қызмет атқаруға дайындығын бақылаудың тиімді тәсілдерінің бірі.
Жауап қалдыру