Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Алдабергенов ауылдық округінің ақсақалдар алқасының мүшелерінің отырысы болды. Отырысқа аудандық Ақсақалдар алқасының жаңадан сайланған басшысы – Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы келді. Жиналыстың күн тәртібінде негізінен Ақсақалдар алқасының жұмысы, ахуалды мәселелер талқыланды. Көп жылдар бойы Ақсақалдар алқасының төрағасы болған Жунисов Сағи Жунисович денсаулық жағдайына байланысты өтініш білдіріп, лауазымынан босатылды. Орнына Мусапиров Толеген Аппакович Алдабергенов ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы болып бірауыздан сайланды.Жүнісов Сағи Жүнісұлы көп жылғы еңбегі үшін Ескелді ауданы әкімі Е.Ахметовтың, Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Ж.Садырбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталып, дәстүрге сәйкес шапан жабылды

Жауап қалдыру