«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ -БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы білім басқармасы «Психологиялық қолдау орталығы» мамандарының бастамасымен Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінде «Балалардың әл-ауқатын сақтау мен нығайту» тақырыбында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың психологиялық денсаулығын сақтау, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту және ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.
Аталған іс-шара аясында орталықтың әдіскері А.Битемирова оқушылар мен ата-аналарға арналған екі бағыттағы психологиялық тренинг өткізді.

Тренингке жалпы 30 оқушы мен 16 ата-ана қатысты. Оқушылармен өткен жаттығулар өзін-өзі тану, эмоцияны басқару, достық пен сенімді қарым-қатынас орнату секілді маңызды тақырыптарды қамтыды. Балалар белсенділік танытып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, нақты жағдайлар бойынша кеңес берілді.
Мұндай іс-шаралар бала мен ата-ананың психологиялық мәдениетін арттыруда, өзара түсіністік пен сенімділікті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді