Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 Сауран ауданы әкімінің өкімімен Насыр Ербол Нұрланұлы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
 Ербол Нұрланұлы 1998 жылғы 6 желтоқсанда Түркістан қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Мәскеу мемлекеттік азық-түлік өндірістік университетін «Техника және технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 Еңбек жолын 2020 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің «Туристерге қызмет көрсету орталығы» КММ-де маман қызметінен бастаған. 2022 жылы аталған мекемеде бас маман, 2022–2023 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманы міндетін атқарушы болған. 2023 жылы сол сектордың бас маманы, ал 2023 жылдан бастап аталған бөлімнің Жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға көмек көрсету секторының бас маманы қызметін атқарған.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді