БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 17 сәуірінде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
 
Қабылдауға 14 азамат келіп, өз өтініш-тілектерін жеткізді. Келушілердің басым бөлігі — ұстаздар қауымы. Олар білім беру мекемелеріндегі қордаланған мәселелерді көтеріп, бірқатар өзекті шағымдарын ортаға салды. Арыз-шағымдар арасында негізсіз қудалауға ұшырау, білім беру сапасының төмендеуі, жұмысқа қабылдау тәртібі сынды жайттар жиі қозғалды.
 
Басқарма басшысы әр азаматтың өтінішін жеке тыңдап, әр мәселеге мұқият назар аударды. Әңгіме барысында Гүлназ Сүлейменова аталған сұрақтардың барлығы заң аясында қарастырылатынын, кадрлық тағайындаулар мен жұмысқа қабылдау үдерісі арнайы жүйелер арқылы, заңнамалық тәртіпке сай жүзеге асатынын атап өтті.
 
Азаматтарды алаңдатқан мәселелер назардан тыс қалмайды, тиісті талдау және зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/978657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді