Бейнетті қызметтен – құрметті зейнетке

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық ТЖД бірқатар қызметкерлері құрметті демалысқа шықты.

Департамент бастығының орынбасары Дастан Алдабеков, Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Жанар Жұмағұлова, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ажар Рүстемова, АЦжәнеББ бастығы Арман Сабиров және ӨСжәнеАҚЖҰБ бас маманы Жанат Көпеев құрметті демалысқа шықты.

Құрметті демалысқа шыққан «жас ардагерлерді» елордалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков құттықтап, көп жылдық еңбектері үшін алғысын білдірді.

Одан бөлек, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанатбек Аденов жас мамандарға үлгі болған ардагерлерді құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Салтанатты шара барысында қызмет жолынан естелік бейнероликтер көрсетіліп, концерттік бағдарлама мен құттықтау хаттарымен жалғасты.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді