Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай Алматы қаласында ұйымдастырылған Taekwon-do ITFU Almaty Open 2025 халықаралық турнирінде ерекше шеберлік танытып, өзгелерден оқ бойы озып шығып, І орынды иеленген Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «Г» сынып оқушысы Данилді шын жүректен құттықтаймыз!
Данил – тек өз мектебінің ғана емес, бүкіл Шымкент қаласының абыройын асқақтатып, халықаралық деңгейде еліміздің намысын лайықты қорғаған жас чемпион. Бұл жеңіс – табандылықтың, тәртіптің және күнделікті қажырлы жаттығудың жемісі.
Спорт шеберлігіне үміткер атанған Данилдің бұл жетістігі – мектеп ұжымы, ұстаздар мен ата-аналардың өзара үйлесімді еңбегінің нәтижесі. Оның табысы – өскелең ұрпақ үшін үлгі, отансүйгіштік пен қажыр-қайраттың көрінісі.
Данилге зор сенім артамыз! Көк байрағымызды биікте желбіретіп, болашақта да халықаралық ареналарда табысты өнер көрсететініне сенімдіміз.
ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЧЕМПИОН!
Жауап қалдыру