Алматы облыстық полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы ақпараттық технологиялар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Аталған шара аясында полицейлер Іле ауданының білім беру мекемелерінде оқушылармен де, ересектермен де түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Киберқылмыстардың кең таралған түрлерінің бірі дропперлер мен дроппроводтар арқылы алаяқтық әрекеттерге қатысу, сондай-ақ жалған тұлғалар атына жеке кәсіпкерлік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Кездесулер барысында полиция қызметкерлері азаматтарға мұндай алаяқтық схемаларға, тіпті білмей қатысудың өзі ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруде. Жеке деректер мен құжаттарды бөгде адамдарға беру қылмыстық жауапкершілікке әкелуі ықтимал.
Құқық қорғау органдары заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Осындай жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы қырағылық танытып, ақпараттық сауатты болу және жеке мәліметтерге мұқият қарау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/978325?lang=kk

Жауап қалдыру