КӨКСӘЙЕК ХАЛҚЫНЫҢ ҰСЫНЫС -ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті.
🔰 Кездесуде аудан әкімі халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, округ аумағында атқарылған жұмыстарды баяндады.
📌—Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінде, Төлеби ауданы аумағында бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынған. Сіздердің өтініштеріңізді тыңдап, ұсыныстарыңызға назар аудару үшін арнайы келдім. Ел жағдайынан хабардар ету мақсатында уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін,— деді аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.
✅ Аудан әкімі ауылдық округтің дамуының 2024 жылғы көрсеткіштері мен 2025 жылғы жоспарын таныстырды.
🔰 2024 жылы 7 әлеуметтік нысанға 768 млн.теңге қарастырылып, бірқатар жұмыстар атқарылды.
↪️ Атап айтқанда: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Көксәйек елді мекенінен 600 орындық орта мектебін жаңа оқу жылына пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі кезде мектептің сыртқы инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Елді мекендегі аудандық балалар саз мектебі пайдалануға берілді. Көксәйек елді мекенінің жаңа массивтеріне инженерлік коммуникация жүйелері тартылуда. Алтынбастау елді мекенінде 2 шақырымды құрайтын орталық көшесі орташа жөндеуден өткізіліп, Көксәйек елді мекенінің Д.Қонаев және Бәйгел ата көшелерінің 4,4 шақырымы аудандық бюджет есебінен жарықтандырылды. «Көксәйек» каналының 6 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.
🔰2025 жылы 11 жобаға 248 млн.теңге қарастырылды.
↪️ Атап айтқанда: аудандық маңызы бар «Көксәйек-Жіңішке» елді мекендерін жалғайтын жолының (КХТL-17) 2,2 шақырымы, Қазақстан елді мекеніндегі орталық көшесінің 250 метрі орташа жөндеу өтеді. Көксәйек елді мекенінің Абылайхан, Әйтеке би және Қошанбаев, Қазақстан елді мекені Досалы би көшелерін жарықтандыруға қаржы қарастырылды. Көксәйек елді мекенінің 7 көшесін және Жіңішке елді мекенінің Тұрсынбай көшесіне электр желісін жүргізіп, трансформаторлар орнату жұмыстарын бастауға қаржы бөлінді. Жіңішке елді мекенінің, Алтынбастау елді мекенінің ауыз су құбыры желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Көксәйек ауылдық округіндегі «Олжалы» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы қаралды.
✅ Жиын барысында ауылдық округті дамыту жолдары сараланып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Округ халқы аудандық ауруханаға кіретін есікті ашу, жеке таксилерден тазарту, шағын дүкендерді алып тастау, ауыз су сапасын жақсарту, оны халыққа толық жеткізу мәселелерін көтерді. Ауыз суды тұрғындарға бұлақ басы не болмаса ұңғыма қазу арқылы жеткізу жолдары талқыланды. Сергек бейне камерасын мектеп ғимараты жанына орнатып, отандық өнімді ауыл халқына саудалауды сұранды. Көксәйек- Шымкент бағытына қоғамдық көлік жүргізуді, ұялы байланыс сапасын жақсартуды, дәрігерлер мамандарын көбейтуді, жедел жәрдем бригадасын көбейтуді өтінді. Жекеге алынған жер телімдерінің мақсатына сай пайдалануға беру заңдылығын анықтауды, “Фудмастер” ЖШС -і сарқынды суды ауыл арығына төгуіне қатысты шағымдарын айтты.
↪️ Аудан әкімі тұрғындарды “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын қолдауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сала басшылары кездесуде көтерілген проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
✅ Кездесуден кейін Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелерді заң аясында шешу мақсатында сала басшыларына тапсырма жүктеп, арнайы хаттама түзіліп, орындалуы бақылауға алынады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/978500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді