2025 жылдың 14 сәуірі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының 2023 жылғы 20 қарашадағы №685 бұйрығын орындау мақсатында Департаменттің 2025 жылғы I тоқсанындағы құжат айналымы бойынша анализ жүргізілді. Кеңес барысында мемлекеттік тілдегі құжат айналымның 92%-на қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Медициналық және фармацевтикалық терминдердің дұрыс аударылуын қамтамасыз ету үшін Департамент өз жұмысында “Әділет” Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесін және мамандандырылған сөздіктерді пайдаланады.
Жауап қалдыру