14.04.2025ж. күнінен бастап Жол-көлік колледжінің базасында «Әскери оқу-дала жиыны» және қыздармен медициналық практикалық сабақтарға дайындық жұмыстары басталды.
Әскери жаттығуға колледждің ІІ курс білім алушылары қатысуда. 5 күнге созылатын оқу-дала жиыны 14–18 сәуір аралығында өтеді.
Бұл жиын – студенттер үшін алғашқы әскери дайындық бойынша алған білімдерін іс жүзінде көрсетіп, тәжірибе жинақтауға таптырмас мүмкіндік. Курсанттар жаттығуға үлкен қызығушылықпен қатысып, жыл бойы меңгерген дағдыларын шыңдай түсуде.
Жауап қалдыру