Бүгін Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер кезегі, тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын, жекеменшік жерге құрылыс жүргізу туралы сауалдар қойды.
Сонымен қатар балалар ойын алаңшасын салу және тұрмыстық қалдықтарды жинайтын мекеме жұмысының салғырттығы жөнінде мәселе көтерді.
Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған Нұрсұлтан Исабеков зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылдайтынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Жауап қалдыру