Назым Тоқтарбекова мен Самат Байбұлатов – қызмет үстінде табысқан, махаббатты тірек еткен, өмір мен мамандықты қатар алып жүрген жарасымды жұп. Олар 2014 жылы Қарасай аудандық полиция басқармасына жұмысқа орналасқан кезде танысты. Бастапқыда әріптес ретінде араласқан екеу 2017 жылдың сәуірінде өмірлік серік болуға шешім қабылдап, отбасын құрды.
Қазір ерлі-зайыпты Жамбыл аудандық полиция бөлімінде қызмет етеді. Назым – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор. Ол – жай ғана полиция қызметкері емес, қиын жағдайға тап болған жасөзпірімдерге бағыт көрсетіп, қамқор болатын жан. Ал Самат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік автоинспектор. Ол күн сайын жолға шығып, азаматтардың амандығы үшін қызмет атқарады.
Бүгінде олар үш ұл тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Қызмет көп уақыт пен күшті талап етсе де, Назым мен Самат отбасының мызғымас тірегі – бір-біріне деген қолдау мен үйде күтіп отырған жылы шырай екенін жақсы біледі.
– Біздің өміріміз қызмет ырғағымен өтеді, бірақ отбасыға әрдайым уақыт табуға тырысамыз. Себебі махаббат – тек сезім ғана емес, ол да өзіміздің кәсібіміз секілді күнделікті еңбек, – дейді Назым.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне арналған бұл оқиға – нағыз сүйіспеншілік пен адалдықтың айғағы. Себебі шынайы махаббат – кез келген сынақ пен қиыншылықтарға қарсы тұра алады. Ал жаныңда сенімді серігің болса – кез келген қиындықты бірге жеңуге болады!
Жауап қалдыру