САНАҚ САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ КЕРЕК
🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары бойынша комиссия отырысы өтті.
🔰Комиссия отырысына ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және сапалы өткізу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Инга Шевцова, Сарысу аудандық статистика басқармасының басшысы Серік Жарқынбеков және мекеме, бөлім басшылары қатысты.
🔰Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Инга Шевцова хабарлама жасады.
🔰Жиында Нұрлан Оңғарбекұлы: – 2025 жылдың 1 тамызынан бастап ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Ауыл шаруашылығы санағында республика бойынша меншік нысанына қарамастан тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, ауыл шаруашылығы малдары, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы құрылғылары, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізуге қатысты ғимараттар, құрыстар, мал ұстауға арналған қора-жай, арнайы кешендер барлығы қамтылады.
Бұл ауыл шаруашылығында дереккөдердің шынайылығы мен дұрыс тапсырылуын айқындайтын бір жүйе.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы санағына дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізу Сіздер мен бізге тікелей байланысты, – деді.
🔰Комиссия отырысы барысында ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу туралы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/978918?lang=kk

Жауап қалдыру