Шымкент қаласының оқушылары “Ұлттық мектеп лига” жарысының үстел теннисі спорт түрінен чемпион атанды!
9-11 сынып оқушылары арасында өткен жарыста Шымкент командасы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Еліміздің түрлі аймақтарынан қатысқан командалар өз шеберліктерін сынап, тартысты бәсекеде жеңімпаз болу үшін күш-жігерін салды. Шымкенттің талантты спортшылары өздерінің табандылықтары мен ұқыптылықтарын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды.
Бұл жетістік – оқушылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының нәтижесі.
Жеңістің Шымкент қаласының командасына бұйыруы мектеп спортының дамуына бағытталған жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Қорытындыда Шымкент командасы бірінші орынға ие болып, барлық қатысушыларды зор қуанышқа бөледі.
Шымкент қаласының оқушылары мен жаттықтырушыларын осы тамаша жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жауап қалдыру