Сұхбат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   2025 жылы 14 сәуірде «Семей» телеарнасына    «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ   информатика пәні мұғалімі Килыбаева Батима Саткеновна мен оның 4-сынып оқушысы Берікқазы Адина сұхбат берді.

   Тікелей эфирде Адинаның оқушылар арасында республикалық ғылыми жобалар сайысында жүлдеге ие болған “Балалар алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллектті қолдану” жобасы талқыланды. Сұхбат барысында оның негізгі мақсаты, қоғамға пайдасы, қолданылған ресурстары мен болашаққа жоспары туралы айтылды.

   Жоба аясында жетекші мен оқушысы кішкентай балалардың ойнайтын алаңын макет түрінде ұсынып, ондағы балалардың қауіпсіздігін Arduino құралдары арқылы қамтамасыз еткенін көрсетті. Дәлірек айтқанда, жарық датчигі арқылы кеш батқанда шамның жарық беруі, алаңнан асқан бала туралы дыбыстық сигнал беру, күн сәулесі арқылы құрылғыларды тоқпен қамтамасыз ету және т.б. артықшылықтары баяндалды. Алда биометрия арқылы балаларды ата-анасына табыстау идеясын жүзеге асыру жоспарлануда.

   Аталған жоба педагогтың кәсіби шеберлігін шыңдап, қоғам мен мектептің арасындағы көпірді мықтап, оқушылардың ғылымға қызығушылығы мен алғашқы ғылыми дағдыларын қалыптастырады.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз

#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз  #Балақауіпсіздігі


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді