«Таза Қазақстан» акциясы бойынша сенбілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   2025 жылғы 12  сәуірде Аягөз ауданы білім бөлімі және бөлімге  қарасты қала, ауыл мектептері, мектепке дейінгі, қосымша білім беру мекемелері,  Аягөз ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, SAPSAN білім беру орталығы қызметкерлері   сенбілікке шықты.

   Іс-шара қысқы кезеңнен кейінгі аумақтарды санитарлық тазартуға бағытталды. Сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар, құрғақ бұтақтар мен жапырақтар жиналып, тротуарлар мен жасыл аймақтар тазартылды.

  Сенбілік Аягөз ауданы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалалары мен аудандарын қамтыған кең ауқымды «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігі болды.

  Негізгі мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту және халықты абаттандыру мәселелерін шешуге тарту.

  Сенбілік жалпы ынта мен еңбекке деген құлшыныс атмосферасында өтті. Қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытып, ауданның  көркейуіне өз үлестерін қосты.

  «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шаралар еліміз бойынша жалғасатын болады.

 #АбайОблысыБілімБасқармасы

#таза_қазақстан_абай_облысы

#таза_аягөз

 

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді