Таза сенбілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қалалық мәслихат депутаттары қала әкімімен бірге ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Шара қаланы көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
Депутаттар мен қала әкімі бірге көшет отырғызып, қаланың көркеюіне үлес қосты. Бұл тек қаланың жасыл желекке орануына ғана емес, сонымен қатар табиғатқа деген жанашырлықтың және болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын көрінісі болып табылады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық қала тұрғындарын табиғатты қорғауға, жасыл желектерімізді сақтауға және қаланы көгалдандыруға атсалысуға шақырамыз.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді