Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының біріккен отырысы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізіп отырды.

Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов және қалалық мәслихат депутаттары сондай-ақ, дербес бөлім басшылары қатысты.

Тұрақты комиссиясының біріккен отырысына ұсынылған мәселелер:

Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекіту туралы

Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы

Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекіту туралы

Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

Комиссия отырысы соныңда қалалық мәслихат депутаттары пікір алмасып, көкейтесті сұрақтарын қойды. Бөлім басшылары өз кезегінде сұрақтарға жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/978454?lang=kk
Жауап қалдыру