
«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерінің қатысуымен «Мейірбике» медициналық колледжінің оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – техникалық және кәсіптік, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасатты ұрпақ тәрбиелеу бағытында жүзеге асырылып келе жатырған «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жастармен пікір алмасу.
Жиында Департамент маманы Мұқатай Нұргүл Антикор волонтерлері жобасы туралы түсінік беріп, еріктілердің қатарына қосылуға шақырды.
Жастар өз пікірлерімен бөлісіп, қызықты сұрақтарына жауап алды.
Егер, Сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына тегін хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/961940?lang=kk

Жауап қалдыру