Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында республикалық деңгейдегі алғашқы «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды. Биылғы додаға еліміздің 20 өңірінен 2 мыңға жуық колледж студенті қатысуда.
«Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шымкент қаласынан аталмыш спартакиадаға 7 колледжден 89 студент және 16 жетекші қатысып, өз бақтарын сынауда.
Спартакиада бағдарламасына баскетбол, шағын футбол, футзал, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол сынды спорт түрлері енгізілген.
Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Жауап қалдыру