Бүгін Алматы облысының Полиция департаментінде ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері мен көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікев жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, тергеушілер, анықтаушылар және көші-қон қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңнаманың сақталуын қамтамасыз етудегі маңызды және жауапты рөлін атап өтті.
— Тергеуші мен анықтаушының жұмысы терең біліммен қатар, принципшілдік, сабырлылық және әділеттілікті талап етеді. Ал көші-қон қызметінің мамандары келіп-кеткен шет ел азаматтарының заңдылықты сақталуын қамтамасыз етіп, күн сайын мыңдаған адамның тағдырына тікелей әсер ететін мәселелермен айналысады, — деді өз сөзінде Мейрам Әбікев.
Қызметтік міндеттерін адал және кәсіби деңгейде орындап жүрген бірқатар қызметкерлерге ведомство басшысы кезектен тыс арнайы шендер, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, қылмыстарды ашу мен тергеу, көші-қон бақылауы және халыққа қызмет көрсету салаларында жоғары кәсібилік көрсеткен қызметкерлер де марапатталды.
Іс-шара соңында департамент басшылығы барша қызметкерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас қуат пен Отан игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыстар тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/973117?lang=kk

Жауап қалдыру