Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен білім саласына қатысты кеңейтілген жиын өтті.
Басқосуға Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Рыскелді Салхитдинұлы Әліш, “Өрлеу” БАҰО” АҚФ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты директоры Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова, сондай-ақ Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева және мақсатты мектептер тізіміне енген 74 жалпы білім беретін мектептің директорлары қатысты.
Жиын барысында мектеп басшылары 2024–2025 оқу жылының үшінші тоқсаны және сыртқы бағалау нәтижелері бойынша білім сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде жеке-жеке есеп берді.
Білім сапасын қажетті деңгейге жеткізе алмаған бірқатар оқу орындарының басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, жауапты тұлғаларға қойылатын талаптар күшейтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/973288?lang=kk

Жауап қалдыру