2025 жылдың 10 сәуір күні “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Жол-көлік колледжінде “Кәсіп түбі – нәсіп” тақырыбында кәсіби бағыттағы кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 07320700 – “Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану” мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арналды.
Кездесуге Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК ШЖҚ Шымкент қалалық филиалының жетекші мамандары, арнайы пән оқытушылары және Шымкент қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында кәсіпорын мамандары жол-құрылыс саласындағы заманауи талаптар мен кәсіби біліктіліктің маңыздылығына тоқталып, жас мамандарға деген сұраныстың артып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, бұл салада еңбек ету – ел болашағына үлес қосу екені айтылды.
Іс-шараға Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК ШЖҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы атынан сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Лутфулла Кенжаев, сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов, сынақ зертханасының материалдар бойынша инженері Ерлан Туребаев қатысты.
Кездесуге САД 9-211, САД 9-221, САД 9-241 топтарының білім алушылары мен арнайы пән оқытушылары Айнұр Бадаева және Айгүл Шаланова да белсенді түрде қатысты.
Ашық пікір алмасу форматында өткен бұл кездесу – кәсіби білім мен тәжірибені ұштастырып, болашақ мамандардың салалық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Кездесу соңында қатысушылар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
https://www.facebook.com/share/r/1CQ72qVp4g/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/974156?lang=kk

Жауап қалдыру