КЕЗДЕСУДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
📌 Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – ауданымызға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру. Ауылдық округте алға қойған жобалар мен жоспарлы жұмыстар нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмын, деді аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Кемеқалған ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде.
Округ тұрғындарымен кездесуде аудан басшысы Кемеқалғанда атқарылған жұмыстар мен жүзеге асатын жобаларды таныстырды.
🔰 2024 жылы 8 әлеуметтік нысанға 1,1 млрд.теңге қарастырылып, нәтижелі жұмыстар атқарылды.
🔹 Атап айтқанда: суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында, Ұйымшыл ауылында сыйымдылығы 1 млн.текше метрді құрайтын, «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Нәтижесінде, 350 гектар жер ағын сумен қамтылады.
Ақбастау елді мекені Төртшал және Талдыбастау көшелеріне, Қаратөбе елді мекенінің 6 көшесіне электр желілері жүргізіліп, трансформатор қойылды.
Әңгірата, Қаратөбе, Абай және Ақбастау елді мекендерінің ауыз су құбырын қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды. Ақбастау елді мекені Төртшал көшесінің 1,6 шақырымы, Қаратөбе елді мекенінің 6,1 шақырым құрайтын 4 көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
🔰 2025 жылы 11 жобаға 306 млн.теңге қарастырылды.
🔹Кездесуде аудан басшысы халықтың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап беріп, талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан электр бағаналарын ауыстыру, ұялы байланыс интернетінің сапасын жақсарту, су ағар орнату, Абай – Текесу елді мекендерін байланыстыратын жолды жөндеу, жастарды жұмыспен қамту мәселелері көтерілді. Аяқ жол салу, су ұңғымасын қазып, халықты сапалы ауыз сумен қамту, трансформатор ауыстыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Қаратөбе елді мекеніне жаңа мектеп ғимараттарын тұрғызу, ауыз су сапасын жақсарту секілді мәселелер сөз болды.
↪️Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі ауылдық округті дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/973896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді