САРЫАҒАШТА САЛЫНАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сарыағашта бой көтеретін медициналық кешеннің құрылысына қатысты дайындық жұмыстары пысықталды. Аудан әкімінің төрағалығымен өткен отырыста медициналық кешеннің инфрақұрылымы, осы ретте электр желісі, су, табиғи газ, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Салаға жауапты басшыларға маңызды әлеуметтік нысан құрылысының әр кезеңін егжей-тегжейлі пысықтап, тиісті тапсырмалар берді. Аудан үшін маңызды нысанның жүзеге асырылу барысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жіті бақылауында.
 
Президент тапсырмасын орындау мақсатында Сарыағаш ауданында қуаттылығы 150 төсек – орындық перинаталдық орталық пен 150 төсек – орынға арналған көпбейінді аурухананың жобасын әзірлеуге бюджеттен қаржы қаралып, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сарыағаш қаласы аумағынан жоспарланған көпбейінді аурухананы жобасын жобалаушы мекеме «Engineering Center» ЖШСі.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/973155?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді